Қазақстанның қалаларында шырша шамы жағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның қалаларында шырша шамы жағылды © Тengrinews.kz

Қазақстанның қалаларында жаңа жылдық мереке бастау алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның қалаларында жаңа жылдық мереке бастау алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Петропавл орталық алаңында 18 метрлік шырша бой көтерді. Ол әр түрлі ойыншықтармен безендіріліп, 60 диодты шамдарымен әрленген. Шараны облыс әкімі Ерік Сұлтанов өзі ашты. Осы мерекені тамашалуға мыңнан аса адам келді. Мерекелік шара үш сағатқа созылды. Петропавл тұрғындары аязға қарамастан шам жағу рәсімін көңілді қарсы алды. 

Шымкентте басты шыршаның ашылуына әлемнің әр түкпірінен Аяз аталар келген. Салтанатты шарада көрермендерге "Ертегідей жаңажылдық түн" қойылым қойылды. Онда басты рөлде облыс әкімі ойнады. Жансейіт Түймебаев шырша шамын жақты. Осы жылы, қалалық әкімдіктің мәліметінше, шыршаны әрлеуге демеушілер өз мойнына алған. Шымкент қаласының әкімі аз қамтылған отбасынан шыққан 804 балаға 42 мың теңгеден табыс етті. Шара соңында облыс және қала әкімі балалармен қол ұстасып шыршаны бірнеше рет айналды. 

Ал, Өскеменде басты шырша шамы осы демалыс күндері жағылды. Облыс әкімдігінің ғимаратының алдындағы Республика алаңында құрылған басты шыршаның шамын жағу шарасы барысында жүзден аса жаңажылдық кейіпкер қатысты. Шырша шамы жағылғаннан кейін мерекелік концерт басталды. 

Семейде қаланың басты шаршасын әрлеуге жергілікті бюджеттен 2 миллион 184 мың теңге жұмсалған. Шырша шамын ресми түрде жағуға әкімдіктің өкілдері, Ақшақар мен Аяз Ата және балалар қатысты. Қалада мұз ұалашығы салынбақша. Бұл мақсатта бюджеттен 7 миллион теңге жұмсалмақ.

  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети