"Қазатомөнеркәсіп" басшысы Нұрлан Қаппаров Пекинде қайтыс болды

Нұрлан Қаппаров. ©Primerminister.kz

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаров Пекинде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мәліметі бар дереккөзге сілтеме жасап.

Ол Пекинге ресми делегацияның құрамында барған болатын. 

Нұрлан Қаппаров 1970 жылы 30 наурызда Алматыда дүниеге келген. Ол әр жылдары ҚР Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, энергетика және минералды ресурстар вице-министрі, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі қызметтерін атқарған. 2014 жылдың 7 тамызынан бері "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясын басқарып келді. 

Реклама
Реклама

Ақордада 2014 жылдың тамыз айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мұнай және газ, Индустрия және жаңа технологиялар, Қоршаған орта және су ресурстары министрліктерінің функциялары мен өкілеттіктері және жасыл экономиканы дамытудың барлық мәселелері Энергетика министрлігіне, ал балық шаруашылығы, су ресурстарын, орман, жануарлар дүниесін басқару функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілетінін айтқан болатын.

"Нұрлан Қаппаров, өзінің ниеті болса, оның орынбасары бола алады. Бар, мен саған "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының президенті болуды ұсынамын", - деді Президент оған. Қаппаров бұған бірден келісті, "Қазатомөнеркәсіп" қызық болар еді", - деді ол.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама