Қаппаров "Қазатомөнеркәсіп" басшысы болып тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрлан Қаппаров. ©primeminister.kz Нұрлан Қаппаров. ©primeminister.kz

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының ұжымына жаңа басшы Нұрлан Қаппаровты таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының ұжымына жаңа басшы Нұрлан Қаппаровты таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өмірзақ Шөкеев бұрын Қоршаған орта және су ресурстары министрі болған Нұрлан Қаппаровты "кәсіпқой және дайындалған адам" деп атап өтті. "Бұл қасиеттерінің бәрі оған үлкен табыстарға жетуге көмектеседі деп ойлаймын", - деді Шөкеев.

Ұлттық компанияда ауыс-түйіс 6 тамызда мемлекеттік басқару жүйесіне жасалған реформадан кейін болған еді. "Қазатомөнеркәсіптің" бұрынғы жетекшісі Владимир Школьник қайта құрылған Энергетика министрлігіне басшы болып тағайындалды.

Шөкеев келешекте "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының, жалпы алғанда, "Самұрық-Қазына" қорының Энергетика министрлігімен тығыз ынтымақтаста жұмыс істеуі керектігін айтты. 

"Қазатомөнеркәсіп" - оңай компания емес, ол - "Самұрық-Қазына" АҚ-ның үздік активтерінің бірі. Мұнда кәсіпқойлардың мықты командасы жиналған. "Қазатомөнеркәсіп" сіздердің қолдауларыңыз бен тәжірибелеріңізге сүйеніп, одан әрі зор табыстарға жете береді деп сенемін, өйткені ұжымның үйлесімді жұмысы ғана оны оң нәтижелерге жеткізеді", - деді Қаппаров.

Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мұнай және газ, Индустрия және жаңа технологиялар, Қоршаған орта және су ресурстары министрліктерінің функциялары мен өкілеттіктері және жасыл экономиканы дамытудың барлық мәселелері Энергетика министрлігіне, ал балық шаруашылығы, су ресурстарын, орман, жануарлар дүниесін басқару функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілетінін айтқан болатын..

"Нұрлан Қаппаров, өзінің ниеті болса, оның орынбасары бола алады. Бар, мен саған "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының президенті болуды ұсынамын", - деді Президент оған. Қаппаров бұған бірден келісті, "Қазатомөнеркәсіп" қызық болар еді", - деді ол.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.9  course up  579.38  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer