Қазір банкке барудың қажеті жоқ - Смоляков кешірілетін несиені түсіндірді

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазір банкке барудың қажеті жоқ - Смоляков кешірілетін несиені түсіндірді © sevastopol.su

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков ауыр өмірлік жағдайда қалған отбасылардың несиесін кешіру туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков ауыр өмірлік жағдайда қалған отбасылардың несиесін кешіру туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір банктерге барудың қажеті жоқ, бұл мәселені шешу үшін уақыт керек. Жалпы бұл жұмыс екі айда аяқталуы мүмкін", - деді Смоляков үкіметтің баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қарыз алушыларға банкке жүгінудің қажеті жоқ. Себебі талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлімет алғаннан кейін, Ұлттық банк мемлекеттік бюромен, банктармен қосылып 1 маусымға дейінгі мәліметтерді ала отырып, барлық цифрды салыстырады. Қарыз алушылардың ішінде әлеуметтік көмек алатындардың айыппұлдары мен өсімпұлдары қаралады. Шарт қабылданғаннан кейін Ұлттық банк ретінде біз сомалардың кешірілуін қадағалаймыз. Алдағы уақытта сұрақ туындамас үшін мұның бәрі несие құжаттамада көрсетілетін болады", - деді Смоляков

Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр өмірлік жағдайға қалған отбасылардың кредитін кешіруді тапсырған болатын. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланған еді. Бұдан бөлек, қазақстандықтардың несие бойынша өсімпұлы кешірілетіні жайлы хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети