Qazkom Халық банкімен алдын ала келіссөз жүргізіп жатыр

20 Қаңтар 2017, 16:48
0
Qazkom Халық банкімен алдын ала келіссөз жүргізіп жатыр - Коллаж © Tengrinews.kz
Коллаж © Tengrinews.kz

Qazkom "Халық банкімен" алдын ала келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Казкоммерцбанк" АҚ және Кеңес Рақышев "Қазақстан Халық банкі" АҚ-мен ККБ мен Халық банкінің арасындағы алда жасалуы мүмкін делінген келісімге қатысты алдын ала келіссөз жүргізіп жатыр, келіссөз алғашқы кезеңде", - деп хабарлады Qazkom баспасөз қызметі.

Qazkom өкілдері ендігі мәліметтің қажет болған жағдайда сәйкес мерзімде хабарланатынын айтып отыр.

Еске салайық, осыған дейін осыған дейін БАҚ-тар өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, қазақстандық екі ірі банктің бірігетінін хабарлаған еді. Алайда сол кезде БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Сергей Чикин Qazkom-ның бірігу туралы ұсыныс жасамағанын және мұндай мәліметті "Халық банкінен" алмағанын хабарлаған еді.

"Халық банкі" АҚ-мен бірігеді деген БАҚ-тарда пайда таралған қауесеттерге байланысты "Казкоммерцбанк" АҚ хабарлайды: ККБ бірігу туралы ешқандай да ұсыныс жасаған жоқ және "Халықтан" ұсыныс алған жоқ және екі банктің арасында қандай да бір бірігу туралы келіссөздер жүргізген жоқ", - деген еді Чикин.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай