"ҚазМұнайГаз" БӨ-ге жаңа басшы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазМұнайГаз" БӨ-ге жаңа басшы тағайындалды © ҚМГ БӨ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі

"ҚазМұнайгаз" Барлау Өндіру" АҚ бас директоры болып Құрманғазы Есқазиев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМГ БӨ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазМұнайгаз" Барлау Өндіру" АҚ бас директоры болып Құрманғазы Есқазиев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМГ БӨ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Құрманғазы Есқазиев ҚМГ БӨ-нің бас директоры болып сайланды. Есқазиев бұған дейін ҚМГ БӨ-нің негізгі өндірістік активтерінің бірі - "Ембімұнайгаз" АҚ-ның бас директоры қызметін атқарған болатын", - деп хабарлады Департаменттің баспасөз қызметі.

"Есқазиев мырзаның жаңа технологияларды енгізу мен өндіріс тиімділігін арттыру мәселелерінде мол тәжірибесі бар. "Ембімұнайгаз" АҚ бас директоры болған сегіз айдың ішінде ол компанияда жаңа жобаларды сәтті іске асырды. Біз Есқазиев мырза өзінің кәсіби біліктілігі мен оң тәжірибесін ҚМГ БӨ компаниялар тобының игілігіне жемісті пайдаланады деп күтеміз", - деді ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы Кристофер Хопкинсон жаңа басшыны таныстыра отырып.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети