Қазнетте тойға баса-көктеп кірген әскерилердің видеосы талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазнетте тойға баса-көктеп кірген әскерилердің видеосы талқыланып жатыр Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде тойлардың бірінде арнайы формамен жүрген әскерилердің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде тойлардың бірінде арнайы формамен жүрген әскерилердің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоролик Instagram желісіндегі ztb_video парақшасында жарияланды. Видеода полицей формасын киіп алған ер адам тойға келген қонақтан кетуін сұрайды. Содан залда қара бетперде киіп алып, қаруға ұқсас заттары бар адамдар пайда болады. 

Ал бір кезде қара бетперде киім алғандар мен полицейлер билей бастайды. 

Пікір қалдырушылар видеоның жаңажылдық мейрам кезінде түсірілгенін айтып отыр. Қолданушылардың бірі видео кейіпкерлерінің әрекетіне таңғалып жатса, кейбіреулері олардың бұл креатив әрекетін түсінбеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети