"ҚазТрансГаз" Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ақшалай сыйлық табыстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазТрансГаз"  Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ақшалай сыйлық табыстады

Жеңіс күні мерекесіне орай "ҚазТрансГаз" компаниясы Ақмола облысы мен Көкшетау қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының  50 ардагеріне 50 мың теңге мөлшерінде қаржылай көмек көрсетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіс күні мерекесіне орай "ҚазТрансГаз" компаниясы Ақмола облысы мен Көкшетау қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының  50 ардагеріне 50 мың теңге мөлшерінде қаржылай көмек көрсетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Елімізде 9 Мамыр мерекесі қасиетті мейрам ретінде атап өтіледі және кейінгі ұрпақ үшін де солай болып қала береді. Біз ардагерлерімізді мақтан тұтамыз және Ұлы Отан соғысы туралы ақиқатты жадымызда сақтаймыз. Осы еркін және бейбіт өмір сүріп отырғанымыз үшін аға ұрпақ алдында борыштармыз. Олардың ерлігі – айбын мен өз халқына қажырлы қызмет ету үлгісі. Өкінішке орай, жыл өткен сайын соғыстың бар ауыртпалығы мен қасіретін бастан өткерген адамдардың саны күннен күнге азайып барады. Олардың көпшілігі қазіргі сәтте уақтылы көмек ала алмай, шалғай елді мекендерде тұрып жатыр. Сондықтан биылғы жылы "ҚазТрансГаз" АҚ басшылығының шешімімен облыс және аудан орталықтарында тұратын ардагерлерді құттықтап отырмыз", - деді "ҚазТрансГаз" АҚ-ның Бас директоры Серік Сұлтанғали.

Бүгінде "ҚазТрансГаз" компаниясы жергілікті жерлерде өзінің еншілес компаниялары филиалдарының қатысуы арқылы Қазақстанның он облысында өкілдік етеді. Әрбір филиал ардагерлер мен қоғамның басқа да табысы аз топтарына қаржылай және әлеуметтік қолдау көрсетіп отыр. Биыл Ақмола облысы мен Көкшетау қаласында тұратын жасы 90-нан 97-ге дейінгі 50 ардагер "ҚазТрансГаз" команиясынан материалдық көмекке ие болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети