27 қазан 2021 | 12:12

QazVac әзірлеушілері Мемлекеттік сыйлық алады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Білім және ғылым министрлігі ғылым мен техника саласындағы Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықты  Roseofungin-AS препаратын әзірлеушілер мен Биологиялық қауіпсіздік ҒЗИ қызметкерлеріне, яғни QazVac вакцинасын әзірлеушілерге беру ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрлігі ғылым мен техника саласындағы Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықты  Roseofungin-AS препаратын әзірлеушілер мен Биологиялық қауіпсіздік ҒЗИ қызметкерлеріне, яғни QazVac вакцинасын әзірлеушілерге беру ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарлық жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

"Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасының 2021 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін", - делінген құжатта.

БҒМ түсіндірме жазбасына сәйкес, 2021 жылға арналған "Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар" бюджеттік бағдарламасы бойынша Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының сомасы 37 200 000 теңгені құрайды. Екі ұжым 18 600 000 теңгеден сыйақы алады.

"Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: озық ғылыми технологиялар және өндіріс" тақырыбындағы жұмысы үшін Мемлекеттік сыйлықты беру ұсынылады:

Закария Күнсұлу - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, Ресей Федерациясының биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі;

Абдурайымов Ерғали Орынбасарұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары, Қырғыз Республикасының ветеринария ғылымдарының докторы, профессор;

Мархабат Мелісбекұлы Қасенов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор;

Құтымбетов Леспек Бекболатұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігі ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор;

Орынбаев Мұхит Бармақұлы - Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрлігі ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі;

Сұлтанқұлова Күлейсан Тұрлыбайқызы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор;

Хайруллин Берік Мұхитұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор.

"Розеофунгин-АС" жаңа отандық бірегей дәрілік препаратын әзірлеу және өндіруді ұйымдастыру" тақырыбындағы жұмысы үшін Мемлекеттік сыйлықты беру ұсынылады:

Саданов Аманкелді Құрбанұлы - "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик;

Балғымбаева Асе Сұлтанқызы - "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты;

Березин Владимир Элеазарұлы - "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі вирусология бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, биология ғылымдарының докторы, профессор;

Құлмағамбетов - "Микробиология және вирусология Ілияс Райханұлы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі;

Треножникова Людмила Петровна - "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты;

Ұлтанбекова Гүлнар Дәулетбайқызы - "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының биология және биотехнология факультетінің доценті міндетін атқарушы, биология ғылымдарының кандидаты.

Жарлық жобасы 5 қарашаға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети