ҚМГ басшысы Назарбаевқа мұнай нарығындағы жағдай туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМГ басшысы Назарбаевқа мұнай нарығындағы жағдай туралы айтып берді © akorda.kz

Мемлекет басшысы "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне ұлттық компанияның бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары мен алдағы перспективаларына арналған жоспарлары жөнінде баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев "ҚазМұнайГаз" акционерлік қоғамы мұнай-газ жобаларының барлығына қатысатын Қазақстандағы ірі өндіріс холдингтердің бірі екенін атап өтіп, энергетика секторын одан әрі дамыту үшін компанияның әлеуетін пайдалану қажеттігін айтты.

"Бүгінде "ҚазМұнайГаз" белгілі бір даму деңгейіне жетті және құрылымды оңтайландыру, технологиялық үдерістерді цифрландыру, IPO-ға шығуға әзірлік барысын қамтитын трансформация кезеңін бастан өткеруде", - деді Қазақстан Президенті.

Сауат Мыңбаев Мемлекет басшысына энергия ресурстарына деген әлемдік бағаның компания табысына әсер етуі тұрғысынан мұнай нарығындағы ахуалы жөнінде баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети