Қолжетімді баспана қымбаттамайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қолжетімді баспана қымбаттамайды Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Ұлттық валютаның құнсыздануы Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тарифтері мен мөлшерлемелеріне әсер еткен жоқ, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Валюта бағамының өзгеруі "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-сының тарифтері мен мөлшерлемелеріне әсер етпейді. Банктің аквтитері ұлттық валютада сақталған. Сондықтан қазіргі келісімшарттар мен пулдар бойынша сатып алынатын баспананың бағасы өзгермейді", - делінген банктің ресми хабарламасында. Сондай-ақ банк басшылығы қазіргі тарифтік бағдарламалар бойынша берілген несиелердің пайыздық мөлшерлемесі өзгермейді деп сендіріп отыр. Өйткені банктің барлық тарифтері мен мөлшерлемелері шетелдік валютаға тәуелді емес. Айта кетейік, бұған дейін ҚР экономика және бюджетік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім еткендей, құрылыс саласындағы бағаның өзгеруіне байланысты "Қолжетімді баспана - 2020" мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілуі әбден мүмкін. Ол үшін Үкімет арнайы қаулы шығаруы тиіс.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети