Қостанай облысында аудандық ІІБ ғимаратына оқ атқан күдікті ұсталды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында аудандық ІІБ ғимаратына оқ атқан күдікті ұсталды ©Турар Казангапов

Меңдіқара АІІБ-нің полиция қызметкерлері Қостанай облысының әкімшілік ғимаратына оқ атқан адамды ұстады, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Меңдіқара АІІБ-нің полиция қызметкерлері Қостанай облысының әкімшілік ғимаратына оқ атқан адамды ұстады, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Меңдіқара полиция басқармасының ғимаратына оқ атқан күдіктіні анықтап, ұстады. Бұл туралы Қылмыстық полиция басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Рахимов мәлімдеді.

Ол 35 жастағы Меңдіқара ауданының тұрғыны болып шықты, күдікті бұрын полиция қызметкерлеріне бағынбағаны және тіл тигізгені үшін сотталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында тергеу барысы туралы басқа ақпарат жарияланбайды.

Соталды тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 380-1-бабы "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" бойынша жүргізіледі.

Ведомстводағылардың мәліметінше, құқық бұзушы он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Еске сала кетейік, Қостанай облысында аудандық ІІБ ғимаратына оқ атылған. Белгісіз біреулер аудандық полиция бөлімшесіне оқ атып, оқиға болған жерден жасырынып қалған.

Оқиғадан 10 күн бұрын аудандық полиция қызметкерінің денесі АІІБ ғимаратына жақын жерде табылды. Зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Шамасы, ер адам жүрек талмасынан қайтыс болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети