Қостанай облысында құлындардың не себепті қырылуы мүмкін екені айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында құлындардың не себепті қырылуы мүмкін екені айтылды Видео үзіндісі

Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы жетекшісінің орынбасары Марат Күзенбаев аймақтағы жылқы төлінің жаппай қырылуына не себеп болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Alau.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы жетекшісінің орынбасары Марат Күзенбаев аймақтағы жылқы төлінің жаппай қырылуына не себеп болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Alau.kz.

Оның айтуынша, басқарма жетекшісі ауылдарда болып қайтты. Қазір жағдай реттелген.

"Биелердің түсік тастауы қайталанған жоқ. Әңгіме жаппай қырылу туралы. Бұл жағдай 2016 жылдың желтоқсанында басталды. Себептердің бірі - ауа райы. Амангелді ауданында күз суық болды. Оның үстіне жануарлардың иммунитеті де түсіп кетті", - дейді ол. 

Дегенмен зертханада сараптама жүріп жатыр. Оның қорытындысы апта соңында белгілі болады. 

Еске салайық, Амангелді ауданының тұрғындары жылқы төлінің туа сала қырылып жатқанын айтқан болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети