Қостанай облысындағы ауданның жолдары жөнделмегеніне ширек ғасырдан асқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысындағы ауданның жолдары жөнделмегеніне ширек ғасырдан асқан

Қостанай облысының Науырызым ауданында жергілікті маңыздағы жолдардың жөнделмегеніне ширек ғасырдан асқан, деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысының Науырызым ауданында жергілікті маңыздағы жолдардың жөнделмегеніне ширек ғасырдан асқан, деп хабарлайды "Хабар 24".

Әсіресе, Өлеңді-Буревестник бағытындағы тас жолдың тозығы жеткендігі соншалық ой-шұңқырына бүтін бір көлік батқандай. Байырғы бай шаруашылықтың орталығынан жұрттың үдере көшуінің бірден-бір себебі, сол жол қатынасының қиындығы болатын.

53 шақырымдық осы бір аралықты жөндеу жұмыстары былтырдан бастап қолға алынды. Төрт жылға есептелген бұл жобаға 800 миллион тенгеге жуық қаржы қаралған. Биыл мердігерлер 53 шақырымдық қашықтықтың жартысын еңсереміз деп отыр. Бұдан бөлек алдағы жылдары басқа да ауыл жолдарын жөндеу жоспарда бар.

"Келесі кезекте Әулиекөл-Жалдама күре жолымен түйісетін Дәмді, Қожа ауылдарының жолдарын жөндеу басты мақсаттарымыздың бірі. Қазір осы екі нысанның жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр", - дейді Наурызым аудандық түкш, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Жолдас Анаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети