Қостанайда мас күйде көлік тізгіндеген үш жүргізуші жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда мас күйде көлік тізгіндеген үш жүргізуші жазаланды Сурет Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінен

Қостанайда жаңа заң бойынша мас күйде көлік жүргізіп, ұсталған үш жүргізушіні соттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда жаңа заң бойынша мас күйде көлік жүргізіп, ұсталған үш жүргізушіні соттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 12 қаңтарда Қостанайда Алтынсарин көшесінде полицейлері 34 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Nissan Teana маркалы автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушіден алкогольдің иісі сезілген. Медициналық куәландыру барысында жеңіл деңгейде мас болғанын көрсетті.

"2020 жылдың 13 қаңтарында Қостанай мамандандырылған әкімшілік соты жүргізушіні жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру, сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ куәландырудан өтуден бас тартудың екі дерегі тіркелді. Сот жүргізушілерді көлік құралдарын жүргізу құқығынан сегіз жылға айыру туралы шешім қабылдап, оларды 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. 

Айта кетейік, 11 қаңтарда жаңа заң күшіне енді, онда мас күйде көлік жүргізгені үшін жаза күшейетіні көрсетілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети