Қостанайда сегіз адамды құтқарған өрт сөндіруші ерлігін жасырып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда сегіз адамды құтқарған өрт сөндіруші ерлігін жасырып қалған

Қостанайда биыл сәуірде төтенше жағдайда сегіз адамды құтқарып, қаһармандық әрекетін жасырып қалған өрт сөндірушіні марапаттамақшы. Бұл туралы Қостанай қалалық ТЖБ инженері Гүлнар Жолбарысова мәлімдеді, - деп хабарлайды "КН"

Сәуірде "Атлант" дүкенінде өрт шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз. Алайда мән-жайы хабарланған жоқ. Оқиға орнына келген № 1 өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары Үсен Жаулыбаев дүкен жертөлесінде темір есікпен құлыптаулы бөлмеде адамдар болғанын анықтаған. Ол аға сержант Аслан Нұрмағамбетовке есікті бұзуға тапсырма берген. Барлығы бірнеше секундтың ішінде ушығып кетуі мүмкін еді. 

Өрт сөндіруші есікті бұзған. Сегіз адам сол жігіттің арқасында аман қалады. Сол кезде ғимараттан 50 литрлік екі газ баллонын алып шыққан. Дүкеннің электрқалқаны, ас бөлмесінің жиһазы, үстелдер, пластмасса құты, есіктер мен баспалдақ ағаштары өртенген. Барлығы жарты сағатта сөндірілген. 

Өрт сөндіруші бұл әрекетін жасырып қалған. Дүкен әкімшілігі алғыс хат әкеліп бергенде әріптестері үндемей қала алмаған. Ендігіде оны марапатқа ұсынбақшы. Қандай марапат екені кейінірек анықталады. Аслан Нұрмағамбетов 30-да, ол өрт сөндіру қызметінде 11 жылдан бері қызмет етіп келеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети