Қостанайда зейнеткерді қағып өлтірген лимузин жүргізушісі бостандыққа шықты

© limuzin-nino.ru

?останайда зейнеткерді ?а?ып ?лтірген лимузин ж?ргізушісі бостанды??а шы?ты. Апелляциялы? ал?а ?кілдері ?останайды? №2 соты шы?ар?ан ?кімді ?згерту туралы шешім ?абылдады, - деп хабарлайды Alau.kz облысты? сотты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда зейнеткерді қағып өлтірген лимузин жүргізушісі бостандыққа шықты. Апелляциялық алқа өкілдері Қостанайдың №2 соты шығарған үкімді өзгерту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Alau.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 55-бабы ("Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау") қолданылды. Жаза 2 жылға 6 айға дейін қысқартылды. Сондай-ақ, жазаның шартты түрде тағайындалғаны айтылады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қостанайда лимузин жүргізушісінің зейнеткерді қағып өлтіргені хабарланған болатын. Соттың мәліметінше, 2017 жылдың 12 шілдесінде шамамен сағат 17.00-де Lincoln Town Car маркалы көліктің жүргізушісі автотұрақтардың бірінде жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, артқа қарай жүріп кетіп, сол тұрақтың күзетшісін қағып өлтірген.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама