1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Қостанай облысында лимузин жүргізушісі зейнеткерді қағып өлтірген

Қостанай облысының №2 сотында жол қозғалысы ережелерін бұзып, жаяу жүргіншіні қағып өлтірген 37 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, - деп хабарлайды alau.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, 2017 жылдың 12 шілдесінде шамамен сағат 17.00-де Lincoln Town Car маркалы көліктің жүргізушісі автотұрақтардың бірінде жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, артқа қарай жүріп кетіп, сол тұрақтың күзетшісін қағып өлтірген.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан егде жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапқан. Соттың мәліметінше, ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бабына ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы", Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет ) сәйкес қылмыс жасады.