Қостанайда жойқын жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда жойқын жарылыс болды видеодан үзінді

Қостанайда Баймағамбетов пен Лермонтов көшелерінің қиылысында жарылыс болды, - деп хабарлайды "Алау"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда Баймағамбетов пен Лермонтов көшелерінің қиылысында жарылыс болды, - деп хабарлайды "Алау"

Оқиға 17 маусымда 12:00 шамасында Қостанай қаласындағы Лермонтов көшесінің бойында орналасқан екіқабатты техникалық байқау станциясында табиғи газ құрылғысы жарылды. Кейбір мәліметтер бойынша, ТБС ғимаратына газ қондырғысы орнатылып жатқан. Ғимарат толығымен бұзылған, қирандылар жатқан жерде өрт шыққан. 

"Оқиға салдарынан 7 адам зардап шекті, алтауы ауруханаға жеткізілді. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің біріне оқиға орнында көмек көрсетілді. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Газ бен электр сымдары ағытылды. Өрт сөндірушілер өртті 12:47-де толығымен сөндірді. 

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. 

Куәгерлер бірнеше адамды жертөледен алып шыққанын айтты. Оқиға болған дер қоршауға алынды, өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети