Қостанайдағы ауданға Бейімбет Майлин есімі берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайдағы ауданға Бейімбет Майлин есімі берілді © google.com/maps

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Таран ауданын Бейімбет Майлин ауданы деп қайта атау жөніндегі Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын", - делінген Жарлықта. 

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли ауданға көрнекті қазақ жазушысы, драматург және қоғам қайраткері Бейімбет Майлин есімінің берілуі - жергілікті тұрғындар көптен күткен маңызды қадам екенін жазды. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети