Қостанайға жаңа әкім тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайға жаңа әкім тағайындалды Базыл Жақыпов. Сурет Қостанай әкімдігінің сайтынан алынған

Базыл Жақыпов Қостанайдың әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Базыл Жақыпов Қостанайдың әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ол бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болған еді. Бүгін қалалық мәслихаттың сессиясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов депутаттарға облыс орталығының әкімі қызметіне Жақыповтың кандидатурасын ұсынды. Депутаттар бұл кандидатураны қолдады. Еске сала кетейік, Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов қылмыстық істің қозғалуына байланысты үй қамауына алынған болатын

Базыл Жақыпов Ақмола облысында дүниеге келген, агроном және экономист мамандықтарын игерген. Ол "Қарабалық аудандық ауыл шаруашылық және азық-түлік басқармасы" MM басшысы, Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары болды. 2008 жылдан бері - Қостанай әкімінің орынбасары. 2009 жылдың ақпанынан бері - Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі. 2012 жылдың ақпан айынан бастап Қостанай облысы әкімінің орынбасары болды. Ол ауыл шаруашылығы, жер қатынасы, табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалауды реттеу, жергілікті аймақтағы төтенше жағдайларды ескерту және жою, азаматтық қорғаныс істеріне басшылық етті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети