Қожамжаров төрт облыстағы антикоррупциялық қызметтің басшыларын тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қожамжаров төрт облыстағы антикоррупциялық қызметтің басшыларын тағайындады Қайрат Қожамжаров

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы Қайрат Қожамжаров төрт облыстағы антикоррупциялық қызмет бөлімшелерінің басшыларын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы Қайрат Қожамжаров төрт облыстағы антикоррупциялық қызмет бөлімшелерінің басшыларын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департамент басшысы болып Нұрлан Қамбатыров тағайындалды. Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшеге Мақсұт Нәлібаев басшы болып келді. Данияр Үсенов Маңғыстау облысы бойынша антикоррупциялық қызметінің басшысы қызметіне келді.

Еске салайық, осыған дейін Қостанай облысы бойынша антикоррупциялық қызметтің басшысы қызметіне Елдос Сағиев келген еді. Сонымен қатар, Ұлттық бюро төрағасының бұйрығымен жедел-іздестіру қызметі жөніндегі департамент басшысының орынбасары болып Асылбек Беркімбаев тағайындалған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети