ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі тағайындалды Балықбаев Қайрат. © primeminister.kz

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Балықбаев Қайрат Тәкірұлы Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Балықбаев 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды, 2005 жылы - Халықаралық бизнес академиясын, 2009 жылы - Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды тәмамдаған.

Экономист, экономикалық кибернетика, мұнай-газ ісі, менеджмент салаларында біліктілікке ие. 

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. 

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған, коммерциялық және ұлттық компанияларда түрлі лауазымдарды атқарған.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тағайындалғанға дейін "ҚМГ Глобал Солюшнс Би. Ви." КЖШБ бас директорының орынбасары қызметінде болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети