ҚР БҒМ басшысы латын қарпіне көшуге байланысты пікірін білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР БҒМ басшысы латын қарпіне көшуге байланысты пікірін білдірді © Tengrinews.kz

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Президенттің қазақ тілін латын қарпіне көшіруге қатысты тапсырмасы жайлы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Президенттің қазақ тілін латын қарпіне көшіруге қатысты тапсырмасы жайлы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Меніңше, процесс ұзақ уақытты алады. Барлығына да сақтықпен қараған дұрыс. Президенттің өзі бұл туралы айтты. Биыл біз мамандармен және ғалымдармен талқылаймыз. Жыл соңына қарай қандай да бір шешім ұсынамыз. Осыдан кейін ғана мектептерді дайындау басталады, белгілі бір кесте жасалады. Жүзеге асырылу мерзімі жайлы ештеңе айта алмаймын. Жыл соңына қарай айтарлықтай шешім мен мәлімет болады", - деді Сағадиев үкімет отырысының үзілісінде. 

Министр Қазақстан Өзбекстанға және Әзірбайжанға делегация жіберіп, осы елдердегі латын қарпіне көшу бойынша тәжірибе алуы керек. 

"Сапалы зерттеу жүргізіп, ненің қате, ненің дұрыс екенін пайымдаса жеткілікті. Сол елдер қандай қателік жібергенін көруіміз керек. Бірінші кезекте сараптама жұмысы жүргізілуі тиіс, сосын ғана мемлекеттік органдарымыз бен депутаттарымыздың талқылауына ұсынылуы керек. Осыдан соң ғана нақтылай сөйлеуге болады", - деді министр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети