ҚР БҒМ мектептерде смартфон қолдануға тыйым салуға қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР БҒМ мектептерде смартфон қолдануға тыйым салуға қатысты түсінік берді © diapazon.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мектептерде смартфондарды қолдануға тыйым салуға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астанадағы брифинг барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мектептерде смартфондарды қолдануға тыйым салуға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астанадағы брифинг барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева айтты.

"Әр мектеп смартфондарды қолдануға тыйым сала ма, жоқ па өздері шешеді. Нақты шешімге келу үшін ата-аналармен сөйлесу керек. Шынында да көп ата-ана балаларының мектепте смартфон қолдануына қарсы емес, себебі олар телефон арқылы балаларының қай уақытта мектепке жеткенін және үйге қайтатын уақытын бақылап отыра алады. Қазіргі уақытта көп мектептер сандық технологиямен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан біз балаларға смартфондарды қолдануына тыйым саламыз деп айта алмаймыз", - деді вице-министр.

Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, осыған дейін кейбір мұғалімдер жоғары сынып оқушыларына сабақ уақытында смартфондардың кедергі келтіретінін айтқан. Содан мектептерде смартфон қолдануға тыйым салу мәселесі көтерілген.

Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі де қала мектептерінде смартфондарды қолдануға тыйым салуды ұсынған еді. Кейінірек мұндай ұсынысты Қызылорда облысының прокуратура өкілдері де айтқан болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети