ҚР БҒМ мемлекеттік органдардан қазақстандықтарды EXPO билеттерін сатып алуға мәжбүрлемеуді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР БҒМ мемлекеттік органдардан қазақстандықтарды EXPO билеттерін сатып алуға мәжбүрлемеуді сұрады

ҚР БҒМ мен ЭКСПО басшылықтары халықаралық көрме билеттерін сатып алуға мәжбүрлемей, алдағы шараны барынша әйгілеуге шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР БҒМ мен ЭКСПО басшылықтары халықаралық көрме билеттерін сатып алуға мәжбүрлемей, алдағы шараны барынша әйгілеуге шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Білім және ғылым министрлігі мен ЭКСПО басшылықтары жергілікті атқарушы органдардың, басқа да ұйымдардың басшыларын мұғалімдерді көрме билеттерін сатып алуға мәжбүрлемеуге шақырады. Өз тарапынан ҚР БҒМ көрме билеттерін сатып алуға байланысты қандай да бір бұйрық жасамағанын, сонымен қатар мұндай әрекеттерге қарсы екендігін жеткізеді. Министрліктің бұл жайындағы позициясы айқын:  халықаралық көрме басталар алдында ауқымды түсіндіру және насихаттау жұмыстары жүргізіліп, шараның мәні мен маңызын, оның заманалық һәм әлемдік деңгейдегі оқиға екендігін жеткізіп, көпшіліктің шынайы қызығушылығын тудыру қажет", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, олардың айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесі әрбір қазақстандықтың мақтанышына айналуы тиіс, сондықтан да көпшіліктің осынау әлемдік маңызы бар ауқымды шараның өткізілу құрметі еліміздің еншісіне тигендіктен, оған қатысу ниеті, билеттерді сатып алуы - патриотизмнің белгісі.

Шын мәнінде, қазақстандықтар өз жерінде бұрын-соңды болмаған шараға қатысып, көрме павильондарын көріп, отандық қана емес, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу ниетін білдіріп, дайындалып жатқан елдердің мәдениет, экономика, ғылым, жаңа технологиялар - қай салалары болмасын, бүгінгі ең үздік үлгілерімен танысудың бірден-бір мүмкіндігіне ие болып отыр. Астана осынау дүбірлі оқиғаның басталуын тағатсыздана күтіп, ғаламат дайындық жұмыстарын аяқтап жатыр: айтулы шараға қажетті, халықаралық стандарттарға сай инфрақұрылымды құру жұмыстары да аяқталып келеді. ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысам деген әрбір адам үшін есік кеңінен ашылмақ!", - деді министрліктегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети