ҚР БҒМ өкілдері сабаққа планшетпен бару мәселесіне пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР БҒМ өкілдері сабаққа планшетпен бару мәселесіне пікір білдірді © pixabay.com

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне балаларға мектепке оқу материалы жүктелген планшеттерді алып келуге бола ма, жоқ па - осы сұраққа жауап берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне балаларға мектепке оқу материалы жүктелген планшеттерді алып келуге бола ма, жоқ па - осы сұраққа жауап берді.

Айта кетейік, таяуда қазан айынан бастап 3, 6, 8-сынып оқушыларына арналған кітаптар электрондық нұсқада болады.

"Оқулық" Республикалық ғылыми-практикалық орталықтың директоры Бейбіткүл Каримова бұл шешімді мектеп басшылығы қабылдайтынын айтты.

"Мұны мектеп әкімшілігі шешеді. Біз біреуге бірдеңені істеуге мәжбүрлеп немесе оған тыйым сала алмаймыз. Сіздер электрондық нұсқа бойынша білім алудың баланың денсаулығына пайдалы бола бермейтінін білесіздер. Кез келген ата-ана баласының планшетпен сабақ оқуына келісе бермейді. Сондай-ақ, барлық балада планшет алу мүмкіндігі жоқ. Мұнда қалалық және ауылдық мектептерді ескерейік. Сондықтан бұл әр адамның қалауымен болады. Бала планшет қаласа, алсын", - деді Бейбіткүл Каримова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети