ҚР Білім және ғылым министрлігі жемқорды жұмысқа алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Білім және ғылым министрлігі жемқорды жұмысқа алған ©Tengrinews.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігі жемқорды жұмысқа алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбековаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Білім және ғылым министрлігі жемқорды жұмысқа алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбековаға сілтеме жасап.

"ҚР Білім және ғылым министрлігі Бас прокуратураның өңірлік статистика басқармасының мәліметтер банкін тоқсан сайын тексеріп отырмайды. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасап, 2014 жылдың қазан айында ақтап алу мүмкіндігінсіз жауапкершіліктен босатылған азамат министрліктің орталық аппарат басқармасының басшысы қызметіне ұсынылған. Бұл деректі ҚР Білім және ғылым министрлігі 2014 жылдың 3 желтоқсанында мемлекеттік қызмет агенттігінің құжаттарының арқасында білді", - деп хабарлады ол "Нұр Отан" партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңесі өкілдерінің отырысында.

Оның айтуынша, әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оның қорытындысында білім беру саласында сыбайлас жемқорлық рейтингі өскенін көрсетті. Зерттеу қорытындысында Астана тұрғындарының 39 пайызы бір жоғары оқу орнынан екіншісіне өткенде, емтихан тапсырғанда, сынақ бағалауы кезінде жемқорлықтың көп таралғанын айтқаны белгілі болды. Мемлекеттік органдардың жемқорлық бойынша рейтингінде білім беру мекемелері тұр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети