ҚР ДСМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрайымы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ДСМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрайымы тағайындалды © Тұрар Қазанғапов

ҚР премьер-министрі мен ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының келісімімен ҚР денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрайымы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Ботагөз Жақселекова 1980 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 2001 жылы Қостанай мемлекеттік университетін, 2010 жылы Exeter University-ді (Ұлыбритания) тәмамдаған. Білімі бойынша - заңгер, мемлекеттік басқару магистрі.

2001-2013 жылдары ҚР Әділет министрлігінде жұмыс істеген. 2013-2015 жылдары - Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде қызмет еткен. 2015 жылдан бастап қазіргі күнге дейін "СК-Фармация" ЖШС басшы қызметтерін атқарған. Мерекелік медальмен марапатталған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети