ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы тағайындалды © facebook.com

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің бұйрығымен Ластаев Талғат Тілеубекұлы ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің бұйрығымен Ластаев Талғат Тілеубекұлы ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.  

"Талғат Ластаев 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын "Қазагроөнеркәсіп банкі" ААҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының маманы болып бастады. "Қостанай құс" ААҚ жабдықтау жөніндегі бас маман, "Қостанай құс" ААҚ жабдықтау бөлімінің бастығы, "Қостанай құс" ААҚ вице-президенті, "Черемшанка құс фабрикасы плюс" ЖШС директоры қызметтерін атқарған", - делінген хабарламада.

2008 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік-коммуникация кешенін дамыту департаментінің автомобиль жолдарын дамыту басқармасының бастығы, 2008 жылдың шілде айынан Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті сапаны бақылау басқармасының басшысы болды.

2009 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. 2014 жылдың қазан айынан бері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети