ҚР ИДМ Комитетінің басшысы 2 айға қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ИДМ Комитетінің басшысы 2 айға қамауға алынды Базарбай Нұрабаев.© geology.gov.kz

ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2017 жылы 8 наурызда Астананың Алматы ауданының № 2 соты күдікті Базарбай Нұрабаевты 2 айға, яғни 2017 жылдың 6 мамырына дейін қамауға алу үкімін шығарды", - деді Астана сотының баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев басшылық еткен қылмыстық топтың қызметін әшкерелеп, жолын кескен. Ведомствоның мәліметінше, Нұрабаев Қазақстан Республикасының территориясы бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасау үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде аса ірі көлемде пара алып отыру мақсатында аса ірі қылмыстық жоспар құрған.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети