ҚР ІІМ департаментінің бұрынғы басшысы сот залында қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ департаментінің бұрынғы басшысы сот залында қамауға алынды © Тұрар Қазанғапов

Астанадағы №2 Алматы аудандық сотында ҚР ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің бұрынғы басшысы Қайрат Аманқұловқа қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы №2 Алматы аудандық сотында ҚР ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің бұрынғы басшысы Қайрат Аманқұловқа қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Осыған дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қайрат Аманқұловтың 136 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын. Ал бүгін судья Айбек Әмірғалиев сот үкімін шығарды.

"Аманқұлов Қайрат ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп танылсын. Жазасын жалпыға тәртіптегі колонияда өтей отырып, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылсын. Жеті жылға дейін мемлекеттік және мемлекеттік билік пен басқару органдарында қызмет ету құқығынан айырылсын. Жеке меншігіндегі мүлік тәркіленсін. (...) Аманқұловқа қатысты бұлтартпау шарасын қамауда ұстаудан қамауға алуға өзгертілсін", - деп шешім шығарды судья.

Істің басқа фигуранттары - Жүсіп Мұсалдин мен Киікбай Тәжмағамбетов те айыпты деп танылды. Сот олардың 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сондай-ақ, олардың мүлкі тәркіленіп, жазаны жалпыға ортақ колонияда өтеуіне қатысты үкім шығарды. Соттың шешімімен екі азамат 7 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Олар да сот салында қамауға алынды.

Сотталушылардың және олардың адвокаттарына қарағанда олар соттың мұндай үкімді шығаратынын мүлде күтпеген. 

Айта кетейік, 2015 жылдың қараша айында Қайрат Аманқұловқа қатысты үй қамауына алу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған болатын. Аманқұловпен қоса сот алдына оның бұрынғы орынбасары мен ведомствоның қызметкері келді.

56 жастағы Қайрат Аманқұлов ҚР ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің басшысы қызметіне 2011 жылдың шілдесінде келген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети