ҚР ІІМ жанынан Көші-қон мәселелері жөніндегі ұлттық бюро құрылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ жанынан Көші-қон мәселелері жөніндегі ұлттық бюро құрылады © Tengrinews.kz

ҚР ІІМ жанынан Көші-қон мәселелері жөніндегі ұлттық бюро құрылады. Мұндай тапсырманы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысы барысында берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ жанынан Көші-қон мәселелері жөніндегі ұлттық бюро құрылады. Мұндай тапсырманы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысы барысында берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ақтөбедегі теракт мәселесі талқыланған жиында Қазақстан Президенті бақылаусыз көші-қонның, жерді өз бетімен басып алғандардың заңсыз қоныстарының қылмыс үшін қолайлы ортаға айналып отырғанына назар аударды.

"Үкімет заманауи технологияларға негізделген интегралданған миграциялық бақылау жүйесін құру жұмысын тездетіп, дактилоскопиялық тіркеу туралы заң жобасын әзірлеуге кірісуі керек. Оған дейін халықты тіркеуге қою және есепке алу механизмдерін орындау қамтамасыз етілсін. Барлық әкімдерге осы жұмысты жүргізіп, әрбір жарты жыл сайын ол туралы баяндап отыруды тапсырамын. Елімізге келетін босқындардың міндетті түрде тіркеуге тұру мүмкіндігін қарастырған жөн. Осы айтылғанның бәрі заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерде көрініс табуы керек. Бұл елдегі қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіптің мүддесі үшін жүзеге асырылады. Үкімет Ішкі істер министрлігі жанынан миграциялық үдерістерді бақылау мен реттеу және осы салада талдау жүргізу ісіне жауап беретін Көші-қон мәселелері жөніндегі ұлттық бюро құру жұмысын тездеткені жөн", - деді Қазақстан Президенті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети