ҚР мемлекеттік туын 38 миллион теңгеге кімнің күтетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР мемлекеттік туын 38 миллион теңгеге кімнің күтетіні белгілі болды © skyview.kz

2016 жылы ҚР Мемлекеттік туына жұмсалатын 38,78 миллион теңге көлеміндегі қаражат үшін "A&K Company" ЖШС-пен келісімшарт жасалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпараттарға Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты жүргізген мемлекеттік сатып алуларға жасалған қорытынды хаттама дәлел.

"Мемлекеттік сатып алуларды өткізу үшін "Дереккөзден интернет арқылы сатып алу" әдісімен "A&K Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасау шешілді", - делінген хабарламада. Egov порталының мәліметінше, "A&K Company" ЖШС 2014 жылдың 20 наурызында тіркелген. Ал қызмет түрі деген жолақта былай жазылған: электртехникалық және монтаж жұмыстары. Сонымен қатар, порталда 2015-2016 жылдары төленген салықтар көрсетілген.

Осыған дейін Астана қаласы "Есіл" ауданының әкімдігіндегілер 38 миллион теңге сомасы жайлы айта отырып, қаржыландыру Астана қаласының "Атамекен - Қазақстан картасы" этно-мемориалдық кешенінің аясында іске асырылатынын айтқан болатын. Сондай-ақ, әкімдіктің сайтында Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Мемлекеттік туды ауыстырып тұруға тура келетіні хабарланған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети