ҚР Парламенті Сенатының төрағасы жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барды Қасым-Жомарт Тоқаев. ©ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс бабындағы сапармен Нью-Йоркке барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс бабындағы сапармен Нью-Йоркке барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол мұнда БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен және Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа да жоғары лауазымды адамдарымен кездеседі. "Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-да осы форумның таныстырылымында сөз сөйлейді. Бесінші діни саммит биылғы 10-11 маусымда Астанада болады және ол діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік, даму және қауіпсіздік жолындағы үнқатысуына арналады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Сонымен қатар, Тоқаев сапарының бағдарламасында ірі қорлардың басшылары - Азиялық қоғамның президенті Дж.Ширанмен, "Еуразия" тобының президенті Ян Бреммермен, Өркениеттер альянсінің жоғары өкілі Насир Ан-Насермен, "Бейбітшілік жолындағы дін" конференциясының бас хатшысы Уильям Вендлимен және Нью-Йорк діни қауымдастығының өкілдерімен кездесулер бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети