ҚР президенттігіне үміткерлерге арналған емтихан тақырыптары бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР президенттігіне үміткерлерге арналған емтихан тақырыптары бекітілді ©faktxeber.com

Лингвистика комиссиясы ҚР Президенттігіне үміткерлерге арналған емтихан тақырыптарын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лингвистика комиссиясы ҚР Президенттігіне үміткерлерге арналған емтихан тақырыптарын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Президенттікке үміткер шарт бойынша екі беттен кем емес көлемде жазбаша жұмыс жазуы керек. Бұған бір сағат беріледі. Егер үміткерге бұл уақыт жеткіліксіз болса, біз оған қосымша 30 минут береміз. Содан кейін кітаптар, қазақ әдебиетінің классикасы бар. Комиссия оқуға арналған әдебиеттер тізімін бекітті. Үміткер еркін оқи алуы керек", - деді лингвистика комиссиясының төрағасы Мырзатай Жолдасбеков. 

Оның айтуынша, үшінші тапсырма - ұсынылған тақырып бойынша комиссия алдында 15 минут сөз сөйлеу. "Ол өз ойын мемлекеттік тілде еркін жеткізе алуы керек. Дайындыққа да бір сағат беріледі", - деді Жолдасбеков. 

"Емтихан қорытындысы бойынша комиссия кабинетте оңаша қалып, жауаптарды жан-жақты талқылайды, жазбаша жұмыстарды тексереді, содан кейін үміткерге рұқсат беру-бермеу жөнінде шешім қабылданады", - деді комиссия төрағасы. Жолдасбековтің айтуынша, бұрынғы президенттік сайлау науқандарында 2 бет эсседе елуден астам қате жіберген үміткерлер болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети