ҚР Қорғаныс министрі Жамбыл облысында зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасында болды

© mod.gov.kz

?Р ?ор?аныс министрі генерал-полковник С?кен Жас?за?ов ?ар к?шкінінен зардап шеккен ?скери ?ызметшілерді? хал-жа?дайын Таразда?ы ?скери госпиталь?а ?зі барып білді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ?Р ?ор?аныс министрлігіні? сайтына сілтеме жасап.

ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қар көшкінінен зардап шеккен әскери қызметшілердің хал-жағдайын Тараздағы әскери госпитальға өзі барып білді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі күні әскери госпитальде сарбаздарға қажетті барлық мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген, әскери қызметшілердің жағдайы тұрақты. Сондай-ақ, әскери ведомствоның басшысы қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесті. Қорғаныс министрі мерт болған азаматтардың отбасылары мен туған-туысқандарына көңіл айта отырып, олардың әрқайсысының өздерінің әскери борышын абыроймен атқарып, әскери қызметтің хас шебері болғанын атап өтті.

Реклама
Реклама

Қазіргі кезде Үкіметтік комиссия Жамбыл облысында орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап, анық-қанығына жету үшін тергеуді жалғастыруда.

Еске сала кетейік, 17 ақпанда Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адам қаза тапқан болатын. Әскери жаттығуларға 23 адам қатысқан екен. Осыған дейін, қаза тапқандардың есімдері белгілі болды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама