ҚР СІМ бұрынғы жауапты хатшысынан 1,5 миллион доллар тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР СІМ бұрынғы жауапты хатшысынан 1,5 миллион доллар тәркіленді Анарбек Қарашев. © presidentlibrary.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысынан бір жарым миллион доллар ақша тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысынан бір жарым миллион доллар ақша тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Олжас Бектенов айтты.

Бектенов СІМ бұрынғы жауапты хатшысына қатысты тергеудің жүріп жатқанын айтып өтті.

"Қарашевты тінту барысында бір жарым миллион доллар тәркіленді. Қарашев жүйелі қоластындағылардан жүйелі түрде пара алды деп айыпталып отыр", - деді Олжас Бектенов.

Осыған дейін іс-қимыл агенттігінің өкілдері Қарашевтың 10 миллион теңгеден аса ақшаны заңсыз сыйақы ретінде алғанын хабарлаған болатын.

"Анарбек Қарашаев мемлекеттік қызметте бола тұра ведомствоаралық ұйымдардың басшысы Сәкенова, Нұрекенова мен Жұмасанованың құқыққа қарсы әрекеттерін жауып келген", - деп хабарлаған еді агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жахин. Кейінірек бұрынғы шенеуніктің пәтерін тінту сәті түсірілген видео пайда болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети