ҚР СІМ Сирияның бүкіл аумағында соғыс әрекеттерін тоқтату туралы мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР СІМ Сирияның бүкіл аумағында соғыс әрекеттерін тоқтату туралы мәлімдеме жасады ҚР СІМ ғимараты © barometr.kg

ҚР Сыртқы істер министрлігі Сирияның бүкіл аумағында соғыс әрекеттерін тоқтату туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясы бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Сыртқы істер министрлігі Сирияның бүкіл аумағында соғыс әрекеттерін тоқтату туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясы бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сирия бойынша, осы елдегі гуманитарлық жағдайды жақсарту үшін әскери қимылдардың тоқтатылуын реттейтін қарарын қабылдауды құптаймыз.

Сирияның бірқатар өңірлерінде, соның ішінде Шығыс Ғутада көптеген бейбіт азаматтардың, оның ішінде әйелдер мен балалардың өліміне әкеліп соқтырған зорлық-зомбылықтың артқаны жағдайында бұл құжаттың маңыздылығын атап өтеміз.

Қабылданған қарардың орындалуы халықаралық құқыққа сәйкес Сирияның зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық жəрдем көрсетудің қауіпсіз және кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін нақты қадамдардың бірі болады", - делінген хабарламада.

"Қарардың ережелерін толығымен сақтауға шақыра отырып, барлық мүдделі елдерден Сириядағы қақтығысты тез арада реттеу мақсатында қақтығысушы тараптар арасында сенім шараларын нығайту жолында нақты қадамдар қабылдауы үшін өздерінің беделі мен ықпалының пайдалануын күтеміз.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде, Сирия бойынша Астана процесінің тәжірибесіне сүйеніп, осы елдегі ахуалды, бірінші кезекте Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Женевадағы келіссөздерді жалғастыру және оған жалпы практикалық қолдау көрсету арқылы бейбіт жолмен шешуге балама жоқ екеніне сенімді", - делінген ресми мәлімдемеде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети