ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды Талғат Жұмағұлов © ҚР СІМ баспасөз қызметі

Талғат Жұмағұлов ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғат Жұмағұлов ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылғы 18 сәуірде Жұмағұлов Талғат Маратұлы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Талғат Жұмағұлов Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін және Гарвард университетінің (АҚШ) магистратурасын бітірген. Әр жылдары ол Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, Қазақстанның Израильдегі Елшілігінде, ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметінің басшысы лауазымында жұмыс істеді.

Тағайындалғанға дейін ол ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети