Қуандық Бишімбаевтың коттеджі ауыл әкімдігіне беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуандық Бишімбаевтың коттеджі ауыл әкімдігіне беріледі Видеодан алынған кадр

Сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың тәркіленген жекежайы Ақмола облысындағы ауылдық әкімдікке беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Евразия" Бірінші арнасына" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың тәркіленген жекежайы Ақмола облысындағы ауылдық әкімдікке беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Евразия" Бірінші арнасына" сілтеме жасап.

Үйді рәсімдеу үшін сот орындаушылары құжаттарды дайындап, Ақмола облысының шенеуніктері коттеджді абаттандыру жағын ойластырып жатыр.

Екі қабатты коттедж туралы Қуандық Бишімбаевтың ісінде айтылған болатын. Ол Астанадан 25 шақырым жерде орналасқан. Сот оны мемлекеттің есебіне тәркілеп, үй бір жылдан аса уақыттан бері бос тұр.

Әкімдіктегілердің айтуынша, тәркіленген үй олардың балансындағы ең қымбат нысан болатын болды. Прокурорлардың мәліметтері бойынша, үйдің бұрынғы иелері оны 60 миллион теңгеге тұрғызған. Аңшылық үшін тұрғызылған бұл үйде үш жатын бөлме, терраса, монша мен бассейн бар. Әкімдіктің шенеуніктері VIP-жекежайды қалай пайдалануға болатыны туралы ұсыныстардың тізімін жасап қойған.

"Қазіргі таңда біздің ауылдық округте мәдениет үйі, музыка мектебі, ойын-сауық орталықтары мәселесі өзекті болып тұр. Біз оны осындай мақсатқа қолдансақ қуанышты болар едік", - деді Қосшы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Сұлтан Орақбай.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, жер телімі Бишімбаевтың енесінің атына жазылған, үйді рәсімдеп үлгермеген - сот ісі басталып кеткен.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын, ол жазасын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети