Құрылысшылар EXPO-ның басты павильонында кәуап дайындаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құрылысшылар EXPO-ның басты павильонында кәуап дайындаған © Тұрар Қазанғапов

"Астана ЭКСПО" ұлттық компаниясындағылар "Астана ЭКСПО-2017" құрылыс алаңында кәуап дайындалып жатқаны түсірілген суретке қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана ЭКСПО" ұлттық компаниясындағылар "Астана ЭКСПО-2017" құрылыс алаңында кәуап дайындалып жатқаны түсірілген суретке қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Түрік кәуабына келсек, бұл шынымен 12 қазанда болған оқиға. "Астана ЭКСПО-2017" құрылыс деракциясының мәліметі бойынша, "Сембол" компаниясының ұжымы Құрбан Айтқа байланысты мерекелеген. Қызмет көрсету үшін "Жасмин" түрік кафесінің кейтерингі шақыртылған, шеф-аспаз бен әкімшісі дәл құрылыс алаңындағы қазақ павильонында кәуап пісірген. "ЭКСПО" қауіпсіздік қызметі түтіндеуді байқап, түрік жұмысшыларының бұл ісін тоқтатты. Түскі ас жалғасты, бірақ барбекю болмады", - деп түсіндірді болған оқиғаны "Астана ЭКСПО-2017" ҰК қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов. 

Ол құрылысшылардың осындай жағдайларға жиі түсіп жүргенін айтты. "Өрт те шықты, мұның барлығы қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болған. Бірақ кәуап пісіру жағдайы бірінші рет болып отыр. Бұл жағдайда өрт қауіпсіздігінің техникалық ережелерінің 356-пункті бұзылған", - деді Куянов.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде  "Астана ЭКСПО- 2017" құрылыс алаңында кәуап пісіру сәті түсірілген сурет пайда болған еді. Бұл оқиға халықаралық көрменің қазақстандық павильонында болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети