Қылмысты фото немесе видеоға түсірген қазақстандықтарға ақшалай сыйақы беру жоспарланып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қылмысты фото немесе видеоға түсірген қазақстандықтарға ақшалай сыйақы беру жоспарланып отыр © pixabay.com

Құқықбұзушылықтарды фото немесе видеоға түсірген қазақстандықтарға ақшалай сыйақы беру жоспарланып отыр. Бұл туралы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Сенатта өткен үкімет сағатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құқықбұзушылықтарды фото немесе видеоға түсірген қазақстандықтарға ақшалай сыйақы беру жоспарланып отыр. Бұл туралы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Сенатта өткен үкімет сағатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ өкілдері азаматтардың қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайлары жайлы хабарлауы үшін және олармен кері байланыс орнату арнайы ұялы қосымша дайындауды жоспарлап отыр. 

"Біз Канада, АҚШ, Аустралия, Ирландия елдерінің тәжірибелерін зерттедік. Онда кез келген адам құқықбұзушылықты суретке немесе видеоға түсіріп, полицияға жолдайды. Ол дерек расталады, құқықбұзушы жазаланады. Ал суретті жіберген адамға кішігірім ақша беріледі", - деп ұсынды Қасымов.

Министр Қазақстан азаматтарының 78 пайызында, яғни 14,2 миллион адамда ұялы телефоны бар екенін айтып өтті.

"Ол суретке түсіріп, жолдай алады. Қазір біз Мемлекеттік-жекешелік әріптестік құқығы аясында осы бағдарламаны дайындап жатырмыз - салынған айыппұлдың 50 пайызын мемлекетке аударамыз, 40 пайызын сол жағдай жайлы хабарлаған адамға береміз. Ал қалған 10 пайызы осы бағдарламаны әзірлейтін фирмаға аударылады", - деді министр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети