Қырғыз Қазақстанға электрэнергиясын сатуды тоқтатпақшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғыз Қазақстанға электрэнергиясын сатуды тоқтатпақшы Қырғызстанның энергетика және өнеркәсіп министрінің міндетін атқарушы Осмонбек Артықбаев ©kenesh.kg

Орталық Азиядағы ең үлкен су қоймасы - Тоқтағұл су электр станциясындағы су тапшылығы салдарынан Қырғызстан электрэнергияны Қазақстанға тасымалдауды тоқтатпақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орталық Азиядағы ең үлкен су қоймасы - Тоқтағұл су электр станциясындағы су тапшылығы салдарынан Қырғызстан электрэнергияны Қазақстанға тасымалдауды тоқтатпақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.

"Негізі, суды тапшылық кезеңіне сақтап қою керек еді. Біз болсақ, өткен жылдары 2,5 миллиард киловатт-сағаттан (жыл сайын - авт.) экспортқа шығардық. Сол себепті былтыр барынша үнемдеп, тек 375 миллион киловатт-сағатты саттық. Биыл су аз. Енді, біз қиын жағдайға тап болдық деп айта алмаймын. Дегенмен, электрэнергияны еш жерге экпорттамайтын шығармыз. Егер Қазақстанға су қажет болса, онда біз оны айырбасқа салатын боламыз", - деді Қырғызстанның энергетика және өнеркәсіп министрінің міндетін атқарушы Осмонбек Артықбаев журналистерге берген сұхбатында.

Айта кеткен жөн, өткен жылы Қазақстанның 8 компаниясы қырғыз электрэнергиясын киловатына төрт цент төлеп, алып отырды. Сол кезде күн сайын 10 миллион киловатт-сағат экпортқа жіберіліп тұрған. Ал одан түскен ақшаға Қырғызстан көмір, мазут пен газды импорттады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети