Қырғыз шекарасын айналып өтетін жаңа су арнасы уақытында тапсырылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғыз шекарасын айналып өтетін жаңа су арнасы уақытында тапсырылады Фото nur.kz сайтынан

Қырғыз шекарасын айналып өтетін Жуалы ауданындағы жаңа су арнасы уақытында тапсырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаевқа сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғыз шекарасын айналып өтетін Жуалы ауданындағы жаңа су арнасы уақытында тапсырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаевқа сілтеме жасап. 

Айта кеткен жөн, өткен жылы шекарада тұратын қырғыз азаматтары Көксайдағы су арнасын (орысшасы - "Быстроток") өздігімен жауып тастағаннан кейін Жамбыл облысы Жуалы ауданының тұрғындары жерлерін суара алмай қалды. Соның салдарынан өнім де аз шықты. "Себебі 2 мың гектардай жер сол су арнасына қарап отырды. Арнаның ұзындығы - 25 шақырым. Соның 12 шақырымы Қырғызстан шекарасы арқылы өтеді. Ал былтырғы дау-дамайдан кейін Үкімет қырғыз жеріне кірмейтін жаңа су арнасын салу туралы шешім шығарған. Қазіргі жоспар бойынша оның құрылысы 1 шілдеге дейін аяқталады. Жақында мен өзім сол нысанды көріп қайттым. Сондықтан оны уақытында тапсырамыз деп сенімді түрде айта аламын", - деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Е.Нысанбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.39  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети