Қырғызстан Қазақстанның құс еті өнімдеріне салған шектеуін алып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан Қазақстанның құс еті өнімдеріне салған шектеуін алып тастады ©pixabay.com

Қырғызстан мемлекеті Қазақстанға құс еті мен құс өнімдеріне салған шектеуін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Қырғызстан сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан мемлекеті Қазақстанға құс еті мен құс өнімдеріне салған шектеуін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Қырғызстан сайтына сілтеме жасап.

Тыйым салуды алып тастау туралы ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның баспасөз қызметі өкілдері агенттіктегілерге хабарлады. Ведомстводағылардың айтуынша, аталған аймақтардағы эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыру туралы растау алған.

Еске сала кетейік, 8 қазанда Қырғыстан Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан жұмыртқа және құс етін әкелуге уақытша шектеу қойған еді. Себебін құс тұмауы мен Ньюкасл ауруына күдік бар екенімен түсіндірді. 

Артынша, Қазақстан 12 қазанда Қырғызстанның бес кәсіпорынының құс еті өнімдерінің импортына уақытша тыйым енгізу туралы жариялады. Көрші мемлекетте жануарлардың қауіпті ауруларымен күресіп жатқанын айтқан еді.



Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети