Қырғызстан туристері шекарадан өту үшін 20 доллар төлейтін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан туристері шекарадан өту үшін 20 доллар төлейтін болады © Tengrinews.kz

Қырғызстанда барлық шекара бақылау бекеттерінде шетелде тіркелген автомобиьдерден экологиялық алым алынатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан шекара қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан үкіметі 2015 жылдың 12 мамырындағы қаулысына сәйкес, жеңіл автомобильдерден 20 доллар, шағын автобустардан 40 доллар алынады. Бұл ақша елдің бюджетіне жіберіледі, одан кейін Ыстық көл аумағында өткізілетін экологиялық шараларға аударылады.

Жазғы уақытта Қырғызстанға 3 миллионға жуық турист келеді. Олардың көбі Қазақстан мен Ресей азаматтары. Ыстықкөлге жеке автомобилімен келетіндерден үкімет қомақты қаржы жинауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Алматы-Ыстықкөл қысқа жолы 2020 жылға дейін ашылмайды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети