Қырғызстан түрмесінен қашып шыққан қазақстандық ұстау кезінде өзін жарып жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан түрмесінен қашып шыққан қазақстандық ұстау кезінде өзін жарып жіберді © Tengrinews.kz

Қырғызстан түрмесінен қашып шыққан қазақстандық ұстау кезінде өзін жарып жіберді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қырғызстан МҰҚК баспасөз хатшысы Рахат Сүлайманов айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан түрмесінен қашып шыққан қазақстандық ұстау кезінде өзін жарып жіберді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қырғызстан МҰҚК баспасөз хатшысы Рахат Сүлайманов айтып берді.

"Альберт Абхин кеше түнде Бішкекте өзін жарып жіберді. Қызметкерлер оны ұстауға тырысты, дегенмен онда жарылғыш зат болды. Қазір екінші қылмыскерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған барлық күш жұмсалады", - деді Сүлайманов телефон арқылы.

Еске сала кетейік, 25 маусымда МҰҚК қызметкерлері түрмеден қашқан екі қылмыскерді ұстауға әрекет жасады. Олар жауап ретінде қарулы қарсылық көрсетіп, кейін жасырынып қалды. Қазақстан азаматтарының кім екені анықталды. Олар 1991 жылы туылған Абхин Альберт пен 1988 жылғы Әшіров Жанболат. 2014 жылы олар "Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту" және "Жалған құжат, мемлекеттік марапат, мөртаңба, бланкты заңсыз қолдану, жасау" баптары бойынша төрт жылға бас бостандықтарынан айырылған болып шықты.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети