Қырғызстандық әртістер Маңғыстау облысында жол апатына ұшырады

Қырғызстандық әртістер Маңғыстау облысында жол апатына ұшырады Фото Lada.kz сайтынан алынды

Қырғызстандық әртістер Маңғыстау облысында жол апатына ұшырады, деп хабарлайды жергілікті Lada.kz. порталы.

Жол апаты тамыздың 16-ынан 17-іне қараған түні орын алған. Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Әлия Шермағамбетованың сөзіне қарағанда, "Газель" маркалы микроавтобус жүргізушісінің көзі ілініп кетіп, жолдан шығып кеткен. Соның салдарынан көлік аударылып кеткен.

Салонда "Дея" тобының 13 бишісі болған. Айта кетейік, қырғызстандық әртістер Маңғыстау облысына Түркменстанда өткен "Достық" фестивальінен қайтып келе жатып кірген.

Реклама
Реклама

Жарақат алған алты әртіс Шетпе ауылы мен облыс орталығы Ақтаудағы ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, әртістердің алған жарақаты адам өміріне қауіпті емес.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама