Қырғызстаннан жеткізілген балалар киімінен улы заттар табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстаннан жеткізілген балалар киімінен улы заттар табылды

Қарағандыда балалар киімдерінен улы зат табылды. Күртелер, жейделер мен белдемшелер тіпті жаңа туған нәрестелерге арналған ит көйлектерден де қауіпті газ - формальдегид - анықталған. Бұл туралы "Астана" телеарнасы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдеріне сілтеме жасай отырып хабарлады. 

"Бұл киімдердің барлығы Қырғызстаннен әкелінген. Кәсіпкерлер оларды Алматы, Бішкек қалаларының базарларынан тасиды. Олардың құрамында формальдегидтің мөлшері өте жоғары. Бұл балаларымыздың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Адамның денесіне біртіндеп сіңіп ауыр дерттерге шалдықтырады", - дейді Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Юрий Залыгин.

Санитарлардың айтуынша, улы зат тыныс алу жолдары мен жүйке жүйесін зақымдайды. Көз, тері ауруларына шалдықтырады. Сондықтан мамандар ата-аналарға иісі өткір киімдерді сатып алмауға кеңес береді. Өйткені қырғызстандық киім саудасына тосқауыл қою мүмкін болмай отыр. 2017 жылы тексерулер нәтижесінде 40-қа жуық кәсіпкерге ескерту жасалып, 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Алайда, жоспардан тыс тексеруге ілікпеген сауда нүктелері жетерлік. Мамандар саудагерлер киімдер туралы ақпараттарға, өндірілген орны мен мата құрамына мән бермейтінін айтады. Көпшілігінде сапа сертификаты да жоқ болып шыққан.   

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети